ТҮРКПА Литвадағы Караимдар жылына арналған конференцияға қатысты
2022 ж. 28 қазан

2022 жылғы 28 қазанда Бас хатшының орынбасары Наурызбек Арстанбеков Литва Республикасының Бакудегі Елшілігі мен Халықаралық Түркі мәдениеті бірлесіп ұйымдастырған Литва Караимдарының тарихы мен мәдениеті жылына арналған "Литва Караимдары" конференциясына қатысты.

Іс-шараға ресми тұлғалар, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Литвалық Караимдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Афандиева, Литва Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі Эгидиюс Навикас, Литвалық Караимдар мәдени бірлестігінің Төрайымы Карина Фиркавичуте және басқа да қонақтар сөз сөйледі. Қатысушылар Литвалық Караимдердің тарихи тамырларына, олардың Литва қоғамындағы орны мен рөліне тоқталды.

Сондай-ақ іс-шара аясында Караимдардың мәдениеті мен ұлттық киім үлгілері қойылған өнер көрмесі ұйымдастырылды. Караим өнерпаздары ұлттық күй мен әндерді орындады.