ТҮРКПА Түркі ынтымақтастығы және Жібек жолы бойынша халықаралық симпозиумға қатысты
2022 ж. 8 қараша

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр 2022 жылғы 8 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры (ХТММҚ) және Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты (ОАЗХИ) ұйымдастырған халықаралық симпозиумға қатысты.

Халықаралық симпозиум Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында «Орталық Азия елдері, Әзербайжан және Түркия арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту: Жібек жолы – Сериялық трансұлттық ЮНЕСКО-ның номинациялары» тақырыбында ұйымдастырылды.

Симпозиум «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинацияларына қатысқан ұлттық үйлестірушілер мен халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ ЮНЕСКО өкілдерін жинады. Олар Жібек жолы бойындағы Сериялық трансұлттық номинацияларды дайындау және ілгерілету процесінде Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарады.

Бас хатшы өзінің кіріспе сөзінде Жібек жолы ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттер тарихында маңызды орын алатынын және осы бағытта ауқымды жобалар іске асырылғанын мәлімдеді. Ол мүше мемлекеттердің өңірде ірі жобаларды және басқа да көліктік әзірлемелерді іске асыруы мемлекеттердің Жібек жолы шеңберінде өздерінің көліктік және транзиттік әлеуеттерін толық пайдалануға қаншалықты дайын екендігін көрсететінін атап өтті.

Симпозиум барысында «Жібек жолындағы Түркі әлемі елдері» Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының жобасы аясында жарық көрген «Әзербайжан Жібек жолы бойында» кітабының тұсаукесері өтті.