Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының Вице-спикері ТҮРКПА Хатшылығына келді
2023 ж. 17 мамыр

2023 жылы 17 мамырда Мажарстан Мемлекеттік Жиналысы Спикерінің орынбасары Шандор Лежак бастаған делегация Хатшылыққа келіп, Хатшылық қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Лежак мырзаның Хатшылыққа алғашқы сапарына байланысты ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Вице-спикер жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, алдағы бастамаларға сәттілік тіледі.

Тараптар бірқатар салалардағы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасып, Мажарстан мен Түркі мемлекеттерінің өзара іс-қимылын одан әрі тереңдету үшін тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.