Қырғызстан Парламентінің Төрағасы ТҮРКПА Хатшылығына келді
2023 ж. 16 мамыр

2023 жылғы 16 мамырда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Шакиев Хатшылыққа келді. Парламент басшысына Жогорку Кенеш депутаттары Улан Примов пен Ескендир Матраимов, ТМҰ Ақсақалы Медеткан Шеримкулов, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Мұса Гулиев және екі елдің елшілері Латиф Гандилов пен Қайрат Осмоналиев ілесіп келді.

Парламент басшысының сапары Қырғыз тарапы сыйға тартқан ұлттық қырғыз киіз үйінің ашылу салтанатын және Хатшылықтың ауласына ағаш отырғызу рәсімін қамтыды.

Жогорку Кенеш Төрағасы Хатшылық қызметкерлерімен де кездесу өткізді. Өз сөзінде ол ТҮРКПА-ның Түркі мемлекеттерінің бірлігі мен жақындасуына бағытталған ұйым ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Шакиев мырза киіз үйді ата-бабалардан қалған баға жетпес мұра ретінде көрсетіп, киіз үй қырғыз мәдениетінің атмосферасын жеткізетініне және бірегей көшпелі тұрғын үй әлемімен танысуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр делегацияны қарсы алып, Ассамблеяның ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті.