ТҮРКПА ХТММҚ-ның дөңгелек үстеліне қатысты
2022 ж. 15 желтоқсан

2022 жылғы 15 желтоқсанда Бас хатшының орынбасары Ноорузбек Арстанбеков Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Баку мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырған "Түркі мемлекеттері Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретінде" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға мүше елдер мен бақылаушы елдердің елшілері, белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлер, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Афандиева мен Баку мемлекеттік университетінің Ректоры Эльчин Бабаев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел Түркі әлемінің Шығыс пен Батыс арасындағы мәдениетаралық диалогты дамытудағы рөліне, сондай-ақ Түркі әлемінің басқа халықтармен ғылыми және мәдени байланыстарына арналды.

Іс-шара Түркі халықтарының музыкасын орындаумен жалғасты.