ТҮРКПА Миссиясы Түркиядағы сайлауға қатысқан саяси партиялардың өкілдерімен кездесті
2023 ж. 12 мамыр

ТҮРКПА Сайлауды бақылау миссиясы Анкараға 2023 жылғы 14 мамырда Түркия Республикасында өтетін президенттік сайлау мен жалпы парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін келді. Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы және ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының Төрағасы Ахлиман Амирасланов бастаған Миссия Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан парламентшілерінен, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдерінен құралды.

Миссия 2023 жылдың 12 мамырында Түркияда өз жұмысын бастап, сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Осы кездесулер барысында Миссияның сұхбаттасушылары – Ұлтшыл қозғалыс партиясы (MHP) Төрағасының орынбасары Мевлют Каракая, Халықтық-республикалық партия (CHP) Төрағасының орынбасары Текин Бингөль, Әділет және даму партиясы (AK Parti) тобы Төрағасының орынбасары Мұстафа Элиташ және «İYİ Parti» (Жақсылық партиясы) өкілі Айхан Алтынташ Миссияға өзінің сайлауалды жағдайдағы көзқарастары мен 14 мамырдағы сайлаудан күтулері туралы хабардар етті.

Миссия адал және ашық сайлау өткізуде табыс тіледі.