Әзербайжанның СІМ Губадлы мен Зангиланға сапар ұйымдастырды
2022 ж. 10 желтоқсан

2022 жылғы 10 желтоқсанда Бас хатшының орынбасары Наурызбек Арстанбеков Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Губадлы және Зангилан аудандарына сапарға қатысты.

Сапарға 150-ге жуық қатысушы, оның ішінде Баку мен Анкарада орналасқан 70-ке жуық елшіліктің өкілдері, 10-нан астам халықаралық ұйымдар, елшілер, әскери атташелер, сондай-ақ Түркияның тиісті мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қонақтар ағымдағы жылдың 20 қазанында Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің Басшылары ресми түрде ашқан Зангилан халықаралық әуежайымен танысты.

Сапар барысында азат етілген аумақтарға Ұлы оралу жөніндегі 1-ші мемлекеттік бағдарлама шеңберінде атқарылған қызметтер және алдағы жоспарлар туралы брифинг өткізілді.

Брифингтен кейін қатысушылар босатылған аумақтардағы экологиялық залал мен қирау туралы, сондай-ақ Гейдар Алиев Қоры салған жаңа мешітті, сондай-ақ Зангиланда жүзеге асырылып жатқан алғашқы тұрғын үйді, мектепті және басқа жобаларды қоса алғанда, қалпына келтіру және қайта құру жұмыстары туралы хабардар болды.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға «Smart village» жобасы, ауылдың инфрақұрылымы, Зангиланның Агалы ауылындағы Архимед турбинасы түріндегі гидроэлектростанция туралы ақпарат берілді.