Мажарстанда Ғұн-Түркі халықтарының құрылтайы өтті
2022 ж. 12 тамыз

2022 жылғы 12-14 тамызда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза Мажарстанның Бугач қаласында өткен Ғұн-Түркі халықтарының құрылтай жиналысына қатысты. Шараны көрнекті ғалым Андраш Жолт Биро мырза басқаратын Мажарстан-Тұран қоры ұйымдастырды.

Іс-шараның алдында 11-ші тамызда Мажарстан Мемлекеттік Жиналысы Төрағасының орынбасары Шандор Лежак мырза Парламентте Түркі халықтарының өкілдерін қабылдады. Жетінші Ұлы Құрылтай Парламенттегі салтанатты ашылу рәсімімен Шандор Лежак мырзаның сөзімен басталды. Ашылу салтанатында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр де сөз сөйледі.

Сол күні Бас хатшы Лежак мырзамен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар ағымдағы және алдағы іс-шараларды, ТҮРКПА мен Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының өзара іс-қимылын талқылады.

Құрылтайдың негізгі бөлігі Бугач қаласында өтті. Жиынға Түркі халықтарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпус пен академиялық ортаның өкілдері, басқа да ресми тұлғалар қатысты. Бас хатшы Бугачта Құрылтайдың ашылуында сөз сөйледі.

Құрылтайға Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының Төрағасы Лашло Ковер, Мажарстан Мемлекеттік Жиналысы Төрағасының орынбасары Шандор Лежак, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің Төрағасы Бинали Йылдырым, Дүниежүзілік этноспорт федерациясының Президенті Неджметтин Билал Эрдоған, Қырғызстанның Мәдениет, спорт және ақпарат министрі Азамат Жаманқұлов, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтанбай Раев, Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі және Өзбекстан Республикасы Спорт министрінің орынбасары Авазжон Каримов қатысты.

Эр мырза Құрылтай аясында ұйымдастырылған «Мажарстан және Шығыс» форумына қатысты. Форум барысында сөйлеген сөзінде Бас хатшы Мажарстан мен Түркі мемлекеттері арасындағы тарихи және мәдени ортақтықтар қажет ететін ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, өзара іс-қимылды нығайтудағы Ассамблеяның рөлін атап өтті.

Форум соңында ТҮРКПА мен Мажарстан-Тұран қоры арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.