ТҮРКПА Миссиясы Өзбекстан ОСК Төрағасымен кездесу өткізді
2023 ж. 30 сәуір

2023 жылғы 30 сәуірде ТҮРКПА-ның Әзербайжан, Қазақстан және Түркия парламентшілері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері құрамындағы референдумды бақылау жөніндегі миссиясы Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен кездесу өткізді.

ОСК Төрағасы Миссияны референдум өткізу жүйесін, референдумды әкімшілендіруді, төмен тұрған комиссияларды оқыту жөніндегі жұмысты қоса алғанда, Конституциялық референдумды ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері мен дайындығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Низамходжаев мырза Миссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Миссия Өзбекстанға Конституциялық референдум өткізуде табыс тіледі.