ТҮРКПА Халықаралық парламентшілер конгресімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
2023 ж. 28 сәуір

2023 жылғы 28 сәуірде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Анкарада өткен ТҮРКПА-ның он екінші пленарлық сессиясының аясында Халықаралық парламентшілер конгресінің (ХПК) Бас хатшысымен кездесу өткізді.

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрға он екінші пленарлық отырысқа қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірген Аяз ханым ХПК қызметі туралы қысқаша мәлімет берді. Өз кезегінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Аяз ханымға осы маңызды іс-шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, ХПК-мен қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Тараптар ТҮРКПА мен ХПК арасындағы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі мекеме арасындағы ынтымақтастық саласын айқындайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.