Анкарада Жас парламентшілер тобының екінші отырысы өтті
2023 ж. 27 сәуір

2023 жылғы 27 сәуірде Түркияның Анкара қаласында «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттердің жастары үшін арнайы білім мен дағдылар: жұмысқа орналасу кепілдігі» тақырыбында ТҮРКПА Жас парламентшілері тобының екінші отырысы өтті. Кездесу ТҮРКПА-ның он екінші пленарлық отырысы аясында өтті.

Отырыс Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Улан Бакасовтың төрағалығымен өтті. Өз сөзінде, Бакасов мырза ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттердегі білім беру жүйесі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қайта қаралып, қайта құрылымдалуы тиіс екенін, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде техникалық білімге деген көзқарасты өзгерту жөнінде кеңінен насихаттау жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

Мүше мемлекеттердің парламентшілері білім алу, жұмыспен қамту кепілдіктері, тәжірибе алмасу бағдарламалары және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін қабылданатын практикалық шаралар саласындағы өздерінің ұлттық даму жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті.

Жас парламентшілер тобының екінші отырысы ұсынымдарды қабылдаумен және топтың үшінші отырысына арналған тақырыпты талқылаумен аяқталды.