Анкарада Парламентші әйелдер тобының екінші отырысы өтті
2023 ж. 27 сәуір

2023 жылғы 27 сәуірде Анкарада ТҮРКПА-ның он екінші пленарлық отырысы аясында «ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттердің ұлттық компаниялары мен мемлекеттік кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда әйелдер үшін міндетті квоталарды енгізу» атты Парламентші әйелдер тобының екінші отырысы өтті.

Отырысты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты және Топтың жетекшісі Чолпон Султанбекова ашты.

Парламентші әйелдер осы тақырып бойынша пікір алмасты және мүше мемлекеттердегі әйелдер мен еркектердің тең мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер бойынша ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асырудағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар әйелдерді басшылық лауазымдарға орналасуға дайындауға бағытталған әлеуетті арттыру бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жөніндегі бастамаларды біріктіру мәселелерін талқылады.

Жиналыс Топ отырысының қорытынды құжаты ретінде негізгі тақырып бойынша ұсынымдарды қабылдаумен аяқталды.