Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссия Сараптамалық топтың отырысын өткізді
2022 ж. 28 желтоқсан

2022 жылғы 28 желтоқсанда онлайн-форматта ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулықты сақтау жөніндегі комиссиясының шеңберінде «Репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобының бірінші отырысы өтті.

Кездесуге мүше мемлекеттердің парламенттері мен тиісті министрліктерінің сарапшылары, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Отырысты Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов мырза ашып, модератор ретінде Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның хатшысы Эмин Гасанов мырза сөз сөйледі. Басында, модельдік заң жобасын Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі Аппаратының Әлеуметтік заңнама бөлімінің меңгерушісі Адиль Велиев мырза ұсынды. Таныстырылымнан кейін мүше мемлекеттердің сарапшылары осы мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар келесі екінші кездесуді 2023 жылдың 23 қаңтарында онлайн-форматта өткізуге келісті.