Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия сарапшылар тобының отырысын өткізді
2023 ж. 13 қаңтар

2023 жылғы 13 қаңтарда онлайн-форматта ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы шеңберінде «трансшекаралық білім беру туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа мүше мемлекеттер парламенттерінің сарапшылары, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Кездесуді Бас хатшының орынбасары Ноорузбек Арстанбеков мырза ашты, ал модератор ретінде Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның хатшысы Кундуз Рустембекова ханым болды. Мүше мемлекеттердің сарапшылары құжаттың жобасы бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, онда көрсетілуі тиіс кейбір ұсыныстарды беріп, ақпан айында екінші кездесуді өткізуге келісті.