Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссия сарапшылар топтарының отырыстарын өткізді
2023 ж. 7 ақпан

2023 жылғы 7 ақпанда «Репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобы өздерінің үшінші онлайн-отырысын өткізді.

«Репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы» модельдік заң жобасы ТҮРКПА-ның 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық Жол Картасына сәйкес Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссия шеңберінде әзірленді.

Мүше елдер мен Хатшылық өкілдерінен тұратын сарапшылар тобы модельдік заң жобасын әзірлеу бойынша үш онлайн отырыс өткізді. Отырыстар құжат жобасы бойынша пікірталастар мен пікір алмасуға бағытталды. Топ 2023 жылы 6 наурызда Бакуде өтетін Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның келесі отырысында қаралатын модельдік заң жобасын пысықтады.