Бас хатшы «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағы арқылы 19-ғасырдағы Түркі Әлемінің мәдени мұрасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты
2023 ж. 19 қаңтар

Бас хатшы «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағы арқылы 19-ғасырдағы Түркі Әлемінің мәдени мұрасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты

2023 жылғы 19 қаңтарда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Ыстамбұлдағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры ұйымдастырған «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағы арқылы 19-ғасырдағы Түркі Әлемінің мәдени мұрасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

Түркия Республикасының 100-жылдығына арналған көрме бағдарламасы Түрік Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Режеп Тайып Эрдоғанның ашылу салтанатына арналған Жолдауын оқудан басталды.

Іс-шараға мемлекеттік лауазымды тұлғалар, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Көрмеге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстанның мәдени мұрасын бейнелейтін 19-ғасырдағы Самарқандтан Эдирнеге дейінгі кең жоғрапияда түсірілген «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағынан» 75 фотосурет ұсынылды.

Әлемдегі бірегей визуалды мұрағаттардың бірі болып табылатын Сұлтан II-ші Абдулхамидтің «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағы» 36 585 фотосуретті қамтитын 918 альбомнан тұрады. Түркі мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде «Йылдыз Сарайының фотосуреттер жинағы» осы мұраны құжаттау тұрғысынан ерекше құндылыққа ие және өз кезеңінің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси тарихын қарауға мүмкіндік береді.