Түркия Парламентінің Басшысы Бас хатшыны қабылдады
2022 ж. 20 қазан

2022 жылдың 20 қазанында Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері профессор, доктор Мұстафа Шентоп Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрді қабылдады.

Тараптар 2023 жылдың сәуірінде Ыстамбұлда өтетін ТҮРКПА-ның 12-ші пленарлық отырысына дайындықты, ұйымның ағымдағы және болашақтағы қызметін талқылады.