Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия өзінің оныншы отырысын өткізді
2023 ж. 2 наурыз

2023 жылғы 2 наурызда Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші ұйымдастырған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сапалы білім беру саласындағы Тұрақты Даму Мақсатына қол жеткізу үшін пандемиядан кейінгі жағдайда трансшекаралық білім беруді дамытудағы ТҮРКПА-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның оныншы отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыс Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты, Комиссия Төрағасы Айбек Осмонов мырзаның төрағалығымен өтті. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, отырыстың негізгі тақырыбы бойынша пікір алмасты.

Қатысушылар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Тараптар білім берудің барлық кезеңдерінде жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар кезінде азаматтық қорғаныс сабақтарын қосудың маңыздылығын қозғады.

Кездесу барысында парламенттік сарапшылар ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде трансшекаралық білім беруді енгізу тәжірибесіне қатысты ақпаратпен бөлісті.

Күн тәртібіндегі тармақтардың бірі Комиссияның атауын «Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия» деп өзгерту туралы ұсынысты талқылауға арналды. Комиссия 2023 жылдың сәуір айында Түркияда өтетін он екінші пленарлық сессияда одан әрі ұсыну үшін есеп пен ұсыныстарды, сондай-ақ «Трансшекаралық жоғары білім беру туралы» модельдік заң жобасын мақұлдады.