ТҮРКПА Қосылмау Қозғалысының Парламенттік Желісінің 2-ші конференциясына қатысты
2023 ж. 13 наурыз

2023 жылдың 13 наурызында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Бахрейннің Манама қаласында өткен Қосылмау Қозғалысының Парламенттік Желісінің (ҚҚ ПЖ) екінші конференциясына қатысты. Іс-шара 146-шы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО) қабырғаларында «Пандемиядан кейін қалпына келтіру жөніндегі ұлттық және жаһандық күш-жігерді парламенттік қолдау» және «Қосылмау Қозғалысын одан әрі институционализациялау туралы пікір алмасу» тақырыптары шеңберінде өтті.

Конференция Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің және ҚҚ ПЖ Төрайымы Сагиба Гафарованың төрағалығымен өтті. Конференция барысында қатысушылар Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Төрайым өзінің сәлемдеме сөзінде ҚҚ ПЖ Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2021 жылдың қараша айында құрылғанын атап өтті. Парламент басшысы Желінің мақсаттары туралы еске салып, Желінің бірінші конференциясынан бері атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Гафарова ханым ҚҚ ПЖ Қосылмау Қозғалысының идеалдары мен принциптерін, сондай-ақ көпжақтылықты, диалогты және парламентаралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін маңызды платформа болады деген сенімімен бөлісті.

Конференцияда Бахрейн Корольдігінің Шура Кеңесінің Төрағасы Али бен Салех Аль Салех, ПАО Президенті Дуарте Пачеко және ПАО Бас хатшысы Мартин Чунгонг сөз сөйледі. Іс-шара ҚҚ ПЖ мүше парламенттер делегациялары мен халықаралық серіктес ұйымдардың басшыларының мәлімдемелерімен және пікір алмасуымен жалғасты.

Конференция барысында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр да сөз сөйледі. Бас хатшы бүкіл әлемде бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі парламенттік дипломатияның маңызды рөлін атап өтіп, Парламенттік Желінің халықаралық беделі мен көрнектілігі оның жаһандық парламенттік дипломатияға белсенді қатысуының арқасында одан әрі арта түсетініне сенім білдірді. Осы тұрғыда Бас хатшы 2023 жылғы ақпанда Қосылмау Қозғалысы ПЖ мен ТҮРКПА арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

Конференцияның қорытынды құжаты ретінде Манама декларациясы қабылданды.