ТҮРКПА бақылаушылары Алматыда кездесулер өткізді
2023 ж. 18 наурыз

2023 жылғы 18 наурызда Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжының шақыруымен ТҮРКПА Сайлауды бақылау миссиясының (СБМ) мүшелері 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік өңіріндегі жойқын жер сілкіністерінен кейін елге гуманитарлық көмек көрсеткен Қазақстандық еріктілердің қатысуымен өткен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында Бас консул еріктілерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, СБМ мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Ибрагим Айдемир волонтерлерге қиын кезеңдерде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, Түркі халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығы Түркі мемлекеттері арасындағы екіжақты және көпжақты қатынастардың одан әрі дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Сол күні СБМ мүшелері Алматы аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) Төрайымы Айгүл Қалықовамен кездесті.

Бақылаушыларға сайлауға дайындық бөлігіндегі АСК жұмысы туралы хабарланды.

2023 жылдың 20 наурызында ТҮРКПА бақылаушылары Алматыдағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университетінің Еуразиялық зерттеу институтына барды.

Институт директоры Суат Бэйлур институттың қызметі туралы, сондай-ақ алдағы жобалар туралы хабардар етті.

Институтқа өз қызметінде табыс тілеген Айдемир мырза Ассамблеяның жұмысы, сондай-ақ оның байқау қызметі туралы айтып берді.