ТҮРКПА Халықаралық мигранттар күніне арналған іс-шараға қатысты
2022 ж. 16 желтоқсан

2022 жылғы 16 желтоқсанда Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов Әзербайжанның Мемлекеттік көші-қон қызметі мен Әзербайжандағы Халықаралық көші-қон саясатын дамыту орталығының өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Әзербайжандағы көші-қон: теңдік, түрлілік және инклюзивтілік» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.

Іс-шараға мемлекеттік көші-қон қызметінің, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының және жеке сектордың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік көші-қон қызметінің басшысы Вусал Гусейнов сәлемдеме сөз сөйлеп, жыл сайын атап өтілетін және көші-қонға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін халықаралық көші-қон күнінің маңыздылығын қозғады. Ол сондай-ақ көші-қонды басқару, мигранттарды қоғамға біріктіру, олардың әл-ауқатын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік көші-қон қызметі жүзеге асыратын шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Әзербайжандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Владанка Андреева 2018 жылы БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі жаһандық шартына қол қойған алғашқы елдердің бірі болып табылатын Әзербайжан көші-қон жұмысының тиімділігінде басқаларға үлгі көрсететінін атап өтті.

Іс-шара аясында қатысушылар түрлі елдердің мәдени мұралары мен аспаздық бұйымдарының көрмелерімен, сондай-ақ «Әзербайжандағы көші-қон объектив арқылы» фотоконкурсының қатысушылары түсірген фотосуреттермен танысты.