ТҮРКПА-ның iс басындағы Төрағасы Бас хатшыны қабылдады
2022 ж. 23 желтоқсан

2022 жылғы 23 желтоқсанда ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Шакиев мырза Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрды қабылдады.

Бас хатшы Нурланбек Шәкиев мырзаны Жогорку Кенештің Төрағасы болып сайлануымен құттықтап, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Эр мырза Іс басындағы Төрағаға 2022 жылғы 24 маусымда Чолпан-Атада өткен Он бірінші пленарлық сессия барысында қабылданған 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық жол картасы мен 2023 жылға арналған Іс-шаралар жоспары шеңберіндегі ТҮРКПА ағымдағы және болашақ іс-шаралары, сондай-ақ 2023 жылғы 23-25 сәуірде Стамбулда өтетін Он екінші пленарлық сессияға ағымдағы дайындық туралы қысқаша ақпарат берді.

Өз кезегінде Парламент Басшысы бауырлас Түркі мемлекеттері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың және парламенттік дипломатия арқылы өңірдегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ТҮРКПА үздіксіз және сындарлы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар ТҮРКПА аясында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.