ТҮРКПА Миссиясы президенттікке кандидаттармен кездесті
2022 ж. 19 қараша

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды бақылау бағдарламасы аясында ТҮРКПА-ның Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы президенттікке кандидаттармен және кандидаттардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Миссия мүшелеріне кандидаттардың сайлау платформалары, сайлау науқаны және 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президенттік сайлаудан үміт туралы ақпарат берілді.