ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссияның бірінші отырысы
2011 ж. 3 қараша – 2011 ж. 4 қараша
Баку

2011 жылғы 3-4 қарашада Бакуде ТҮРКПА халықаралық байланыстар жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы өтті. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттері атынан Комиссия мүшелері Комиссия төрағасы Әлиман Әміраслановтың төрағалығымен өткен кездесуге қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тармағына «ТҮРКПА халықаралық ынтымақтастығының негізгі аспектілері мен перспективалары» туралы баяндама және ұсыныстар енгізілді.