ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының оныншы отырысы
2023 ж. 20 сәуір
Онлайн жиналыс

2023 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «ТҮРКПА мүше елдеріндегі сауда-экономикалық әлеуетінің интеграциясы: жаңа жағдай шарттарында көліктік қаңқаның болашағы» тақырыбында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның оныншы отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыс Комиссия Төрағасының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев мырзаның төрағалығымен өтті.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, отырыстың негізгі тақырыбы бойынша пікір алмасты.

ТҮРКПА аймағында көлік пен логистиканы ілгерілету тиімділігін арттырудың маңыздылығына назар аударып, қатысушылар тұрақты өсу мен экономикалық дамудың осы маңызды элементінің қызметін қамтамасыз ету үшін мүше парламенттердің мүше елдердегі сауда-экономикалық әлеуетті интеграциялаудағы рөлін атап өтті. Арнайы шақырылған қонақтар ретінде «ТРАСЕКА» Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты Хатшылығының Бас хатшысы Әсет Асавбаев пен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы Гайдар Абдикеримов Комиссия тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Комиссия 2023 жылғы 28 сәуірде Түркияның Анкара қаласында өтетін ТҮРКПА-ның он екінші пленарлық отырысында ұсынылатын Комиссия шеңберінде әзірленген «Цифрлық қаржы активтері туралы» модельдік заң жобасымен бірге негізгі тармақ бойынша есеп пен ұсынымдарды талқылап, мақұлдады.

Комиссия келесі отырысын 2024 жылы Қырғызстанда өткізу және 2024 жылғы Комиссия жұмысының жоспары шеңберінде 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық жол картасында белгіленген модельдік заңнан бөлек «Айналысқа шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының негіздері туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.