ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы
2021 ж. 20 қыркүйек
Онлайн жиналыс

2021 жылғы 20 қыркүйекте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы виртуалды форматта өтті. Отырысқа Комиссия мүшелері мен Хатшылық өкілдері қатысты.

Отырысқа Комиссия төрағасы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі Әмерхан Рақымжанов мырза төрағалық етті. Кездесудің басты тақырыбы «Жасыл экономиканы», инновацияларды және цифрландыруды заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесі» болды.

Комиссия мүшелері 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстандағы Түркістан қаласында жоспарланған оныншы пленарлық сессияда ұсынылатын тақырып бойынша есеп пен ұсынымдарды және «Электрондық сауда туралы» үлгілік заң жобасын қарап, мақұлдады.