ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар комиссиясының жетінші жиналысы
2019 ж. 1 наурыз
Астана

2019 жылғы 1 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қолдауымен ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссиясының жетінші отырысы өтті.

Кездесуге мүше елдердің парламентшілері мен сарапшылары, мүше елдердің тиісті министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Түркі Академиясы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті сияқты басқа институттардың қонақтары жиналды.

Отырыстың күн тәртібіндегі басты тақырып: «ТүркПА-ға мүше елдердегі жоғары білім берудегі эквиваленттік процестің мәселелері».

Кездесуді Комиссия төрағасы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі Исмет Учма мырза басқарды. Түркітілдес әлемінің қатысушы мемлекеттері үшін білікті кадрлық ресурстар мен мойындалған эквиваленттік процестерді тануды дамыту және жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қатысушылар жалпы алғанда, жоғары білім берудегі және эквиваленттік процестердегі жалпы мәселелердің ортақ шешімін табу туралы пікір алмасты, сондай-ақ, бірлескен тетіктер мен практиканы өзара тиімді тәсілмен құру туралы ой-пікірлерін көрсетті.

Комиссия 2019 жылы Әзербайжанда өтетін ТҮРКПА тоғызыншы пленарлық сессиясына ұсынылатын мәселе бойынша баяндама мен ұсынысты мақұлдады.

Комиссияның отырысы алдында ТҮРКПА-ға мүше елдердің ұлттық заңдарын үйлестіру жөніндегі Үшінші семинары өтті. Семинардың ашылуында Комиссия төрағасы Исмет Учма сөз сөйледі. Содан кейін семинар Әзірбайжан және Түркия парламенттерінің өкілдері жағынан сондай-ақ, Комиссия мүшелері мен, басқа да сарапшылар мен қонақтардың жағынан туризм және затсыз мәдени мұраны түркі әлемінің қорғау туралы үлгілік заңдары бойынша сөйлеген сөзімен жалғастырылды.

Комиссияның аталмыш отырысы шеңберінде ТҮРКПА-ның 10 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.