2024 жылғы 1 мамырда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр «Бейбітшілік және жаһандық қауіпсіздік үшін диалог» тақырыбындағы 6-шы Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог форумының ашылу салтанатына қатысты.
2008 жылы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен басталған «Баку процесі» аясында Форум Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер Альянсы (БҰҰӨА), ЮНЕСКО, БҰҰ Туризм және Ислам әлемінің Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (БҰҰ ТИБҒМҰ) сияқты халықаралық құрылымдармен бірлесіп өтті.
Үш …
2024 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастыруымен онлайн форматта Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулықты қорғау жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. …
2024 жылғы 22-24 мамырда Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының (ТҰҰЖ) ұйымдастыруымен ТҮРКПА-ға мүше Парламенттер Қорғаныс комитеттері төрағаларының бірінші отырысы өтті.
2024 жылғы 16 мамырда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Түрікменстанның Ашхабад қаласында Түркіменстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бірлесіп ұйымдастырған ТҮРКСОЙ-ға мүше …
2024 жылғы 24 мамырда Бас хатшы орынбасарының міндетін атқарушы Сакы Садыков Лачын Климаттық әрекеті диалогына қатысты. COP29-ның тұсаукесер рәсімін қамтитын іс-шараны Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
2024 жылғы 14 мамырда Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының ұйымдастыруымен «ТҮРКПА-ға мүше елдер арасында еңбек көші-қонының жағдайларын жеңілдету (ұлттық заңнамаларды жақындастыру)» тақырыбында ТҮРКПА Білім, мәдениет, әлеуметтік және …
«Түркі әлемінде ынтымақтастықтың барлық саласында үлкен әлеует бар. Біздің Ассамблея осы әлеуетті пайдалана отырып, жүзеге асыратын қызмет ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуге ықпал ететін болады»
— Мехмет Сүрейя Эр
Мақала, Әзербайжан Милли Меджлисінің журналы, 2023 жылғы мамыр
Сұхбат, Әзербайжан Милли Меджлисінің журналы, 2022 жылғы ақпан
ТҮРКПА өз мүшелерімен және бақылаушыларымен, сондай-ақ басқа елдердің көптеген парламенттерімен және ынтымақтастық институттарымен бірлесіп, көптеген іс-шараларды жүзеге асырады.
Алғаш рет 2009 жылдың 29 қыркүйегінде Бакуде өткізілген пленарлық отырыстар мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады.
Мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтың ең жоғары деңгейінің көрсеткіштері болып табылатын пленарлық отырыстарда Ассамблеяның әкімшілік және қаржылық мәселелері шешіледі, сондай-ақ парламенттік дипломатия тақырыптары қаралады.
Тұрақты комиссиялар ТҮРКПА ынтымақтастығы мен кооперациялық аспектілеріне ықпал ете отырып, іс-шаралар мен отырыстарды жүзеге асырады. Мүше депутаттар мен жыл сайынғы өткізілетін отырыстардың тізімімен танысу үшін біздің Комиссия парағына өтіңіз.
ТҮРКПА мамандандырылған топтары мүше парламенттермен ынтымақтастықта отырыстар мен конференциялар ұйымдастырады. Іс-шараларды көру үшін біздің топтың парағына өтіңіз.
ТҮРКПА Түркі мемлекеттері мен бүкіл әлемнің институттарымен және ұйымдарымен көпжақты ынтымақтастықты дамытуда.
2010 жылдан бастап ТҮРКПА миссиялары Түркі әлеміндегі президенттік және парламенттік сайлау мен референдумдарды бақылап келеді.
TR | Анкара | 23:52 | 25° | |
AZ | Баку | 00:52 | 23° | |
TM | Ашхабад | 01:52 | 27° | |
UZ | Ташкент | 01:52 | 23° | |
KZ | Астана | 01:52 | 13° | |
KG | Бишкек | 02:52 | 19° | |
() |