Thursday, 06 May 2021, 13:03:58 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі дүниесі сәулетшілері мен инженерлері одағының бас жиналысы

Түркі дүниесі сәулетшілері мен инженерлері одағының 12-інші бас жиналысы ақпанның 9-ында Анкара қаласында Ғази университетінде өтті.

Келелі жиын одақтың өткен жылы тындырылған жұмысы жайлы есеп тыңдап, ұйым үшін маңызды шешімдер қабылдады. Түркия Жұмхұриеті Қоршаған орта және қала істері министрі орынбасарының көмекшісі Мүжахит Демирташ мырза одақтың төрағасы ретінде сайланып, қызметіне кіру антын ішті.

ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов жиналысқа қатысып, одақ төрағасы Мүжахит Демирташ және одақ бас хатшысы Ілияс Демиржимен бірге ТүркПА және Түркі дүниесі сәулетшілері мен инженерлері одағы арасындағы Түсіністік меморандумына қол қойды.

Ж.Асанов Ғази университетінің ректоры Ибрайым Усланмен және басқа да кісілермен жүздесіп, әңгімелесті.