Thursday, 06 May 2021, 14:15:16 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қырғыз Елшісі хатшылыққа келді

Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Айжігіт Боранов ақпанның 13-інде ТүркПА-ның жаңа кеңсесіне келіп, бас хатшы Жандос Асановпен кездесті. Жүздесу барысында ТүркПА бас хатшысының ақпанның 16-17-лерінде Бішкекке болатын сапарының бағдарламасы сөз болды. Сондай-ақ, тараптар алдағы айларда Бішкекте өтетін ТүркПА 7-інші пленарлық сессиясына дайындық барысын талқылады.

Бас хатшы мен елші бір-біріне протоколдық кәдәсыйлар табыс етті.