Thursday, 06 May 2021, 14:48:01 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ЕҚЫҰ ПА қысқы кездесуі

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық (ЕҚЫҰ-ОБСЕ) парламенттік ассамблеясының қысқы 16 жиналысы 2017 жылғы ақпанның 23-24-інде Венада Хофбург конгрес центрінде өтті.

Демократия, адам хақтары және гуманитарлық сұрақтар жөніндегі бас комитет, Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және экология бас комитеті және Саяси істер мен қауіпсіздік бас комитеті бұл күндері өз жиналыстарын өткізді.

Халықаралық терроризм, адам хақтары және климат өзгерісі іс-шара күн тәртібінде басты орындар алды. 50-ге тарта ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден 250 делегат, оның ішінде ТүркПА-ға мүше парламенттерінен келген депутаттар жиынға қатысты.

ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов пен ТүркПА комиссия хатшысы Емин Хасанов іс-шараға қонақ ретінде шақырылды.

Қысқы жиналыс «Дағдарыс кезеңінде адам хақын қорғау» атты арнайы дебатпен аяқталды.