Friday, 07 May 2021, 08:43:14 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

«Бабалар ізімен» дөңгелек столы

«Бабалар ізімен» атты дөңгелек стол Қазақстанның Бакудегі елшілігінде 2017 жылдың 29 мамырында өтті. Іс-шара Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қоғамдық мейірім қорының Астана филиалының жетекшісі Сапар Исқақов бастаған ғылыми-тарихи экспедицияның келуіне орайластырып ұйымдастырылды. Экспедиция Әзербайжанның Қазақ ауданына жол тартты, одан әрі қарай Грузия мен басқа да көршілес елдерге сапар шегеді.

Дөңгелек столды Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев жүргізіп отырды. Сөйлеушілердің арасында Әзербайжан Милли Мәжлисінің депутаты, ТүркПА мүшесі академик Низами Жафаров, Венгрияның Әзербайжандағы елшісі Имре Лашлоцки, Түркі тарихы мен мәдени мұрасы қорының президенті Гүнай Әфәндиева, Әзербайжан Ұлттық ғылымдар академиясының өкілдері болды.

Іс-шарада сөз сөйлеген ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Қазақстан мен Әзербайжанның екеуінің де тарихының бай екендігін, тарихшыларымыздың бір-біріміздің өткенімізге үңіле қарайтын уақыт жеткеніне көңіл аударып, осындай игі істер өзара түсіністік пен әрекеттестіктің өрістеуіне сеп болатынын айтты. ТүркПА бас хатшысы қазақстандық меймандарға ескерткіш кәдесый табыс етті.