Friday, 28 January 2022, 07:39:22 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарымен кездесті

2021 жылғы 23 қарашада Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров мырзамен кездесті.

Сенат басшысының орынбасары Бас хатшыны қызметіне кірісуімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Шәкіров мырза ұйымның одан әрі дамуы мен Хатшылықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, ТҮРКПА аясында парламенттік ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге шығатынына және Ассамблея қызметін толығымен қолдауға дайын екендігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Бас хатшы Шәкіров мырзаны ЕҚЫҰ ПА Вице-президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бас хатшы парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі мемлекеттері арасындағы интеграциялық процестерге қосқан зор үлесі мен шешуші рөліне баса назар аударды.

Тараптар Түркі кеңесінің атауын Түркі мемлекеттерінің ұйымына өзгертудің және "Түркі әлемінің келешегі - 2040" құжатын қабылдаудың маңыздылығына арнайы тоқталды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар