Wednesday, 01 December 2021, 13:35:22 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы отырысына қатысты

2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында "Пандемиядан кейінгі әлемнің жаңа болмысындағы Азиядағы қауіпсіздік және орнықты даму" тақырыбында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (бұдан әрі - АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің 6-шы отырысы өтті. Кездесуге АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің министрлері мен сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, АӨСШК-не бақылаушы елдердің Сыртқы істер министрлері мен министрлерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасындағы резиденциясы бар елшіліктерінің елшілері мен өкілдері, халықаралық ұйымдар мен АӨСШК әріптестік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуге Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза бастаған ТҮРКПА делегациясы да қатысты.

Іс-шара басталар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза делегация басшыларын қабылдады.

Күн тәртібі бекітілгеннен кейін делегация басшылары сөз сөйледі. АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі барысында ішінде құқықтық құжарға түзетулер мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің ұсыныстары бар көптеген құжаттар қабылданды.

АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі баспасөзге мәлімет берумен аяқталды.

Іс-шара аясында Бас хатшы Түркі мемлекеттері делегацияларының басшыларымен бірнеше кездесу өткізді.

ТҮРКПА делегациясын Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов, Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов пен Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның хатшысы Бауыржан Датқаев құрады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы