Wednesday, 01 December 2021, 14:03:44 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркістанда Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті ұйымдастырған Ассамблея Кеңесінің X отырысы 2021 жылғы 28 қыркүйекте Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтті.

Кездесуге Кеңес мүшелері – Әзербайжан Республикасы Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафарова ханым, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырза, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов мырза, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп мырза, сондай-ақ Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза қатысты.

Отырыс барысында ТҮРКПА-ға төрағалықты Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне тапсыру рәсімі өтті. Парламент басшылары кіріспе сөз сөйледі. ТҮРКПА-ның жаңа Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжанның ТҮРКПА-ға төрағалығы кезінде атқарған ерен еңбегі үшін әзербайжандық әріптесіне ризашылығын білдірді.

Кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, жалпы отырыста сайланатын Бас хатшы мен Бас хатшы орынбасарларының кандидатураларын бекітті. Отырыс барысында тұрақты комиссиялардың хатшылары сайланды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы