Wednesday, 01 December 2021, 13:06:47 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы өтті

2021 жылғы 20 қыркүйекте Қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы Комиссия мүшелері мен ТҮРКПА Хатшылығы өкілдерінің қатысуымен виртуалды форматта өтті.

Отырыс Комиссия төрағасы және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ахлиман Амирасланов мырзаның төрағалығымен өтті. Кездесу барысында қатысушылар «Су және жер ресурстарын басқару» тақырыбы бойынша пікір алмасты.

Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін оныншы пленарлық отырыста осы мәселе бойынша ұсынылатын есепті және ұсынымды, сондай-ақ «Энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және энергия тиімділігі туралы» үлгілік заң жобасын қарады және мақұлдады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы