Wednesday, 01 December 2021, 12:48:49 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстан Парламентінің делегациясы ТҮРКПА Хатшылығына іссапарымен келді

2021 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан ханым бастаған құрамында Мәжіліс депутаттары – Әмерхан Рақымжанов мырза (ТҮРКПА Экономикалық ынтымақтастық комиссиясының Төрағасы), Дархан Мыңбай мырза мен Әбілфас Хамедов мырза болатын парламенттік делегация ТҮРКПА Хатшылығына іссапарымен келді.

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза қонақтарды қарсы алып, 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін ТҮРКПА-ның оныншы пленарлық сессиясына дайындық туралы толық ақпарат берді.

Қазақстан Парламенті ТҮРКПА-на үлкен мән беретінін айта отырып, Құспан ханым ұйымның тиімді қызмет етуінде Хатшылық басшылығының рөліне тоқталды. Құспан ханым алдағы оныншы пленарлық сессияны маңызды кезең ретінде атап өтті, себебі ол Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ол Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда оныншы мерейтойлық пленарлық отырысты ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, Ассамблея қызметін одан әрі қолдауға дайын екендігін білдірді.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы