Wednesday, 01 December 2021, 13:59:18 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА АӨСШК брифингіне қатысты

2021 жылғы 8 қыркүйекте Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов мырза Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мырзаның АӨСШК мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдар мен серіктес миссияларының басшылары үшін өткізген брифингіне қатысты.

Аралас форматта өткізілген брифинг АӨСШКе мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің 2021 жылғы 11-12 қазанда өтетін алтыншы кездесуінің күн тәртібіне және АӨСШК халықаралық ұйымға айналдыру перспективаларына арналды.

ТҮРКПА 2012 жылдан бастап АӨСШК жанында бақылаушы мәртебесіне ие. Ассамблея екі институт арасындағы дамып келе жатқан ынтымақтастық аясында АӨСШК халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі бастаманы оң бағалайды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы