Wednesday, 01 December 2021, 13:17:12 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Вена қаласында Ассамблея Кеңесінің бейресми отырысы өтті

2021 жылғы 7 қыркүйекте Вена қаласында ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрайымы, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова ханымның, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырзаның, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов мырзаның, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп мырзаның, сондай-ақ Венгрия Ұлттық Жиналысы Спикерінің орынбасары Иштван Джакаб мырзаның қатысуымен Ассамблея Кеңесінің бейресми отырысы өтті. Кездесу Вена қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясының аясында өтті.

ТҮРКПА-на мүше парламенттер басшылары 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін Ассамблеяның оныншы пленарлық отырысына дайындықты талқылады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы