Friday, 07 May 2021, 09:01:57 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мен PAM-ЖТПА (Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясы) бірлесіп виртуалды парламенттік кездесу ұйымдастырды

2021 жылғы 30 наурызда ТҮРКПА мен Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясы (ЖТПА) «Экономиканың төзімді қалпына келуін қалыптастырудағы аймақаралық ынтымақтастық» тақырыбында виртуалды парламенттік кездесуін ұйымдастырды.

Екі Ассамблеяның алғашқы бірлескен бастамасы ретінде кездесу COVID-19 пандемиясына және осы тұрғыда енгізілген шектеуші шараларға кері әсер еткен аймақтардағы экономикалық қалпына келтіруді жеделдету мақсатында саясат пен заңнамалық стратегияларды алмасуға бағытталған.

Отырысқа 80-нен астам қатысушылар, соның ішінде ТҮРКПА мен ЖТПА-ға мүше елдердің парламентшілері, парламентаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Еуропалық инвестициялық банк (EIB), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары (UNHCR), БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (UNIDO) сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жоғары деңгейлі сарапшылары. Cондай-ақ іс-шараға жеке сектор да қатысты.

Қатысушылар салық және ақша-несие саясаты, жасыл қалпына келтіру және тұрақты даму, цифрландыру және вакцина саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасып, баяндамалар жасады.

Виртуалды кездесудің жалғасы ретінде 2021 жылдың қазан айында экономиканы қалпына келтіру бойынша конференция өткізу жоспарланған.