Friday, 07 May 2021, 08:07:24 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мен Қырғыз-Түрік Манас Университеті бірлесіп «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» симпозиумын ұйымдастырды

2021 жылғы 16-18 наурызда ТҮРКПА мен Қырғыз-Түрік Манас университеті Бішкекте «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты симпозиум ұйымдастырды. «Манас» университетіндегі өткізілген іс-шара түркітілдес елдердің тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының (ТҰҰЖ-GNAT) 100 жылдығына және Тәуелсіздік наурызының (Түркия Гимні) 100 жылдығына арналды. Іс-шараға мүше елдердің парламентшілері, түркі ынтымақтастық ұйымдарының және академиялық топтардың өкілдері қатысты.

Ашылу ресми салтанатында Алпаслан Джейлан және Асылбек Құлмырзаев, Манас Университетінің ректоры және проректоры, ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов мырза, ТҰҰЖ мүшесі және ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Исмет Учма мырза сөз сөйледі. Интернет-форматтағы сессияға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева қатысты. Сондай-ақ, ашылу сессиясында Түркия Республикасы Президентінің коммуникациялар жөніндегі директоры Фахреттин Алтун мырзаның бейне үндеуі көрсетілді.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Аида Касымалиева ханым сөз сөйледі, ал ТҰҰЖ Төрағасы Мұстафа Шентоп мырза симпозиумға құрметті қонақтар ретінде бейне хабарлама арқылы сөз сөйледі.

17-18 наурызда симпозиум өз жұмысын «Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы және тәуелсіздік наурызын ұлттық егемендіктің көрінісі ретінде қабылдауы», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында түркітілдес мемлекеттер және парламенттердің рөлі», «Түркі әлемінің ортақ құндылықтары және мәдени мұрасы» және «Түркі әлемінің болашақ перспективалары: күтулер мен мүмкіндіктер» атты төрт панельдік сессиямен жалғастырды.

Қатысушылар түркітілдес елдердің соңғы 30 жылдағы жетістіктері, қарым-қатынасты нығайтудағы түркі институционалдық ынтымақтастығының рөлі, сондай-ақ елдер арасындағы болашақтағы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты.

Іс-шара бағалау сессиясымен және марапаттау рәсімімен аяқталды.