Saturday, 17 April 2021, 00:17:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі әлемі сәулетшілері мен инженерлері одағының (ТӘСИО-UAETW) делегациясы ТҮРКПА Хатшылығына келіп кетті

2021 жылы 4 ақпанда Бас хатшы Ильяс Демирчи мырза бастаған Түркі әлемі сәулетшілері мен инженерлері одағының (ТӘСИО-UAETW) делегациясы ТҮРКПА Хатшылығына барып, Бас хатшы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.

Бас хатшылар пандемия жағдайындағы өзара байланысты ұйымдардың қызметі туралы бір-бірін хабардар етті және пандемиядан кейінгі кезеңде одан әрі белсенді ынтымақтастыққа үміт білдірді. Мамаюсупов мырза ТӘСИО бастамаларына заңнамалық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде, Демирчи мырза Ассамблея аясында жүргізілген жұмыстарды жоғары бағалады.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша да пікір алмасты.

Сапар барысында қонақтар Хатшылықтың түркітілдес елдер арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бауырластықты бейнелейтін ұлттық рәміздері бар басылымдардан, альбомдардан, кәдесыйлардан тұратын кітапханамен танысты.