Saturday, 17 April 2021, 01:01:45 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Бас хатшыны қабылдады

2020 жылғы 27 қарашада Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев мырза Бас хатшы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Бас хатшы Қазақбаев мырзаны Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ол министрге ТүркПА-ның қызметі және оның түркі ынтымақтастық институттарымен өзара әрекеттестігі туралы, әсіресе COVID-19 пандемиясы аясында Ассамблея жүргізіп жатқан жұмыстар және оның болашақтағы іс-шаралары туралы хабардар етті.

Министр өз кезегінде елдегі процестер Конституцияға сәйкес жүретіндігін айтып, Қырғыз Республикасындағы қазіргі жағдай мен конституциялық реформалар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Тараптар ТҮРКПА-ның сайлауды бақылау миссиясының 2021 жылғы 10 қаңтарда Қырғыз Республикасында өтетін президенттік сайлауды бақылауға қатысуы туралы пікір алмасты.

Қазақбаев мырза Ассамблея қызметін одан әрі қолдауға дайын екендігін білдірді.