Friday, 16 April 2021, 23:35:53 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған парламенттік конференцияға қатысты

2020 жылғы 26 қарашада Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов онлайн режимде өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция барысында сөз сөйледі. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің орнытуы мен дамуындағы рөлі» атты конференцияға Түркия, Өзбекстан, Ресей, Италия, Чех Республикасы, Вьетнам мен Еуропа парламентінің басшылары мен депутаттары қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырза кіріспе сөз сөйледі. Нығматулин мырза Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің барлық кезеңдеріндегі шешуші рөлін атап өтті. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті парламентаризмнің қазақстандық моделінің негізін қалағанын және осы тұрғыда оның эволюциясы үшін әрдайым түрткі болған реформаларының маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттілікті орнатудағы және нығайтудағы, сондай-ақ елдің экономикалық дамуындағы өмірлік рөлін атап отырып, оның парламентаризм мен парламенттік мәдениетті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов өз сөзінде Елбасының түркітілдес елдер арасындағы институционалдық ынтымақтастықты дамытуға күш-жігерін атап өтті, сондай-ақ, 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы бастаманы алға тартып, ал 2008 жылы Ыстамбұлда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Түркия парламенттерінің басшылары келісімге қол қойғанына назар аударды. Осы тұрғыда Мамаюсупов мырза Елбасының түркітілдес елдер арасындағы интеграциялық процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін құқықтық кеңістік жалпыға ортақтасу мақсатында парламенттік ассамблея құру идеясының авторы ретінде көзқарасын атап өтті. Ол сондай-ақ қатысушыларды Ассамблеяның соңғы жылдардағы жұмысы және COVID-19 пандемиясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы хабардар етті.