Friday, 16 April 2021, 23:53:23 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қырғызстанның уақытша сенімді өкілімен кездесті

2020 жылғы 26 қазанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза Әзербайжан Республикасындағы Қырғызстанның уақытша сенімді өкілі Мұхамед Лу мырзамен кездесті.

Бас хатшы Лу мырзаға COVID-19 пандемиясы кезіндегі Хатшылықтың қызметі туралы айтып берді.

Тараптар Түркі ынтымақтастығының болашағы және мүше елдер арасындағы ТҮРКПА-ның басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.

Отырысқа ТҮРКПА Комиссиясының хатшысы Құндыз Рүстембекова да қатысты.