Friday, 16 April 2021, 23:52:30 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Венгрия елшісі Бас хатшыға сыпайы келуін жасады

2020 жылғы 30 қазанда Әзербайжан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Седеркени мырза Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырзаға ізет сапарымен барды.

Седеркени мырза Бас хатшыға Венгрияның Ұлттық күнімен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Бас хатшы елшіні Ассамблеяның пандемия аясында атқарған жұмысы және оның алдағы қызметі туралы хабардар етті. Мамаюсупов мырза Венгрияның түркітілдес елдермен екіжақты және көпжақты қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті және Венгрия Парламентінің ТҮРКПА қызметіне бақылаушы ретінде тұрақты қатысуын жоғары бағалады.

Тараптар COVID-19 пандемиясының аясында Венгрия мен мүше елдер арасындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.