Saturday, 17 April 2021, 01:41:14 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Қырғыз Республикасындағы жағдай туралы мәлімдемесі

Бейресми аударма

МӘЛІМДЕМЕ

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) Қырғыз Республикасында өткен парламенттік сайлаудан кейінгі шиеленісті жағдайға алаңдаушылық білдіріп, барлық саяси топтар мен азаматтарды Қырғыз Республикасының жалпыхалықтық сайланған Президенті Х.Е. Сооронбай Жээнбековтың елді заңды алаңға қайтаруға тырысуы артына бірігуге шақырады.

Қырғыз Республикасы, ТҮРКПА-ға мүше ел болғандықтан, түркітілдес елдердің өзара іс-қимылында маңызды рөл атқарады және оның саяси тұрақтылығы аймақ қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады.

Ассамблея елдегі жағдайды заңнамалық негізде және Қырғыз Республикасының Конституциясына сәйкес тезірек тұрақтандыруға үміт білдіреді.