Thursday, 06 May 2021, 14:45:38 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА миссиясы Қырғыз Республикасында парламенттік сайлауды байқады

2020 жылғы 4 қазанда мүше елдердің парламентшілерінен, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының дипломатиялық қызметкерлерінен тұратын ТҮРКПА Халықаралық байқаушылар миссиясы Қырғыз Республикасында өткен парламенттік сайлауды бақылады.

Миссия Бішкектегі бірқатар сайлау учаскелерінде барлық деңгейлерде сайлау барысын қарай отырып, бақылау жүргізді. Байқаушылар сайлаушылармен және дауыс беру учаскелерінің лауазымды адамдарымен, және де басқа халықаралық бақылаушылармен әңгімелесті.