Friday, 07 May 2021, 09:00:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

COVID-19 пандемиясына байланысты су ресурстарын және жерді қорғау бойынша семинар онлайн форматта өтті

2020 жылғы 15 маусымда ТҮРКПА-ның қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының шеңберінде COVID-19 пандемиясына байланысты су ресурстары мен жерді қорғау бойынша онлайн бейнеконференция форматында семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты жаһандық COVID-19 пандемиясының қоршаған ортаға, оның ішінде су ресурстарына және мүше елдердегі жерлерге әсерін талқылау, сондай-ақ тиісті салалардағы ынтымақтастық әдістерін зерттеу болды. Іс-шараға ТҮРКПА-ға мүше елдердің және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс Сенатының парламентшілері, мүше елдер мен Өзбекстанның Әзербайжандағы елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен байланысты министрліктердің және әртүрлі министрліктердің өкілдері қатысты. Бейнеконференцияға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) және Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (Әзербайжан) серіктестік және байланыс кеңсесінің өкілдері де қосылды.

Семинардың ресми ашылу салтанатында ТҮРКПА-ның қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Әхлиман Әмірасланов мырза, ТүркПА-ның қоршаған орта және табиғи мәселелер жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Реджеп Шекер мырза және ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюусупов мырза сөз сөйледі.

Семинар COVID-19 пандемиясын ескере отырып, су ресурстарын және жерді қорғау бойынша екі сессиядан және «Энергетикалық ресурстарды консервативті пайдалану және энергия тиімділігі туралы» модельдік заң жобасын талқылаудан тұрды.

Семинардың бірінші сессиясын Комиссия төрағасы Әхлиман Әмірасланов мырза жүргізді. Бірінші сессия барысында мүше елдердің сарапшылары ТҮРКПА-ға мүше елдердегі су және жер ресурстарына қатысты қазіргі жағдай туралы баяндамалар жасап, талқылау жүргізді. Қатысушылар осы мәселе бойынша ұлттық заңнамалар, институционалдық негіздер және халықаралық ынтымақтастық тетіктері туралы ақпарат алмасуды өткізді.

Екінші сессияны Комиссия хатшысы Эмин Ғасанов мырза жүргізді. Екінші сессияда мүше елдердің сарапшылары заңнаманы жақындастыру және энергия ресурстарын консервативті пайдалану және энергия тиімділігі туралы үлгілік заңды әзірлеу мәселелерін талқылады