Friday, 07 May 2021, 07:42:24 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Парламент Мәжілісінің Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 27 шілдеде Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Жоғары Мәртебелі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырзамен телефон арқылы сөйлесті.

Бас хатшы Төрағаға Хатшылықтың ағымдағы қызметі және COVID-19 пандемиясы кезіндегі мүше елдердегі жағдай туралы хабардар етті.

Тараптар сонымен бірге Ассамблеяның алдағы қызметі туралы пікір алмасты.